16
наурыз
2021
Елбасы медалі
«ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздегі жастарды қолдау мақсатында «El Úmiti» бастамасы қолға алынған болатын. Бүгін міне «Ел Үміті» бастамасы аясында іске асатын Елбасы медалі ауқымды жобасына мектебіміздің 11 сынып оқушысы Құралбай Сымбат Сұңғатқызы қатысып жеңімпаз атанды.
Аудан басшысы жеңімпаз оқушыларға және осындай дарынды балаларды тәрбиелеуге елеулі үлес қосқан ұстаздарға ізгі тілегін айтып, алғыс білдірді. Жиын соңында аудан басшысы жүлделі орын иеленген оқушыларды арнайы төс белгімен марапаттап, гүл шоқтарын табыс етті.
Мектеп директоры: Г.Болотова өз сөзінде бағдарламаның артықшылықтарын айтып, карантиннен шаршап жүрген оқушылар үшін зор мотивацияға айналады деген сенім білдіріп, алдағы ҰБТ сынағын сәтті тапсырып, биік белестерден көріне беруіне тілек білдірді.
«Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Бағдарлама 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған.
Бағдарламаға қатысу арқылы, жастар өз уақытын басқаруға, мақсат қоюға және оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі өзін-өзі дамытуға үйренеді.




