Мектеп тарихы
2017 жылы қыркүйек айының 1 жұлдызында Мақтаарал ауданы, Қазыбек би ауылдық округы, Қазыбек би ауылында орналасқан Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты «№13 жалпы орта мектебі» КММ аудан әкімі Ғ.Исмаиловтың қаулысымен ашылды. Мектеп ғимаратының сыйымдылығы 200 оқушыға арнап салынған. Бірінші ауысым бойынша 184 оқушы, екінші ауысым бойынша 144 оқушы білім алады.
2017 жылдың 1 қыркүйегінен Мақтаарал ауданы білім бөлімінің бұйрығымен мектепке Т.Айнамкулов директордың міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.
2017 жылдың желтоқсан айында Мақтаарал ауданының білім бөлімінің бұйрығымен Болотова Гулбахар Қабланбекқызы директор болып тағайындалды.
Жетісай ауданының әкімдігінің 2018 жылдың 19 қыркүйегі күнгі №85 қаулысымен Мақтаарал ауданының білім бөлімінің «№13 жалпы орта мектебі» КММ, Жетісай ауданының білім бөлімінің «№16 жалпы орта мектебі» КММ болып өзгертілді.
Жетісай ауданының әкімі Ж.Бейсенбаевтың 5.12.2019 жылғы №903 қаулысына сәйкес мекеме атауы «Жұмакүл Сауырбаева атындағы №16 жалпы орта мектебі» КММ болып өзгертілді.
Түркістан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 14 қаңтардағы №5 қаулысына сәйкес Жетісай ауданы білім бөлімінің «Ж.Сауырбаева атындағы №16 жалпы орта мектебі» КММ Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Ж.Сауырбаева атындағы №16 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.