19
желтоқсан
2022
"Тәуелсіз елдің көшбасшысы" тақырыбында интеллектуалдық сайыс өтті.
Ж.Сауырбаева атындағы ЖОМ де бүгін 6-7 сынып оқушылары арасында Тәуелсіздік мерекесіне орай "Тәуелсіз елдің көшбасшысы" тақырыбында интеллектуалдық сайыс өтті. 4 кезеңнен тұратын сайыста қатысушылар өздерінің бар білімдері мен қабілеттерін жан- жақты көрсете білді. Сайыс қорытындысы бойынша " Тәуелсіз елдің көшбасшысы" атағын 7 А сынып оқушысы Темірхан Ерсұлтан иемденді. Оқушылардың бойында отансүйгіш,көшбасшылық қабілетті қалыптастыру,ой ұшқырлығын дамыту,тіл шеберлігін шыңдауды мақсат тұтқан бұл сайыс жоғары деңгейде өтті. Сәттілік,жас ұландар!

