09
қазан
2019
Аудандық семинар
"CLIL әдісі негізінде жаратылыстану пәндерін үштілде оқытуды меңгеру" тақырыбында аудандық семинар өтілді. Семинарға ауданымыздың 70 мектебінен 3 тілділік курсынан өткен химия, физика, информатика пәндерінен 65 мұғалім қатысты. Аудандық семинарға АБЖ-лер қатысты. Аудандық семинардың ашылуына мектебіміз жанынан құрылған бишілер тобы және жас бүлдіршіндер арасынан құрылған " Хор" өнер тобы өнер көрсетті. Хор өз орындауында үштілді әндер орындап келген қонақтардың көңілін бір марқайтты. Хор жетекшісін Құттыбаева Мақпал апаймызды Химия пәнінің аудандық білім бөлімінің меңгеріушісі Оспанова Зауре апаймыз аудандық білім бөлімінің Алғыс ханына ұсынды. Информатика пәнінен Г.Муталханова "COMPUTER CONFGURATION" тақырыбында семинар сабақ өтті. Информатика пәні мұғалімі жас маман Н. Турсынбек "Файлдардың көлемі" тақырыбында ашық сабақ өтті. Физика пәнінен А.Досова "Melting and freezing. Melting and freezing points" тақырыбында сабақ өтті. Орыс тілі және ағылшын тілі мұғалімдері Ш.Алиева мен Б.Налжанова апайларымыз "CLIL әдісін қолдану арқылы кіріктірілген сабақ өтуді ұйымдастыру" тақырыбында әдіс тәсілдерді қолдана отырып коучинг сабақ өтті. Химия пәні мұғалімі Д.Фазилова " Types of chemical reactions" тақырыбында сабақ өтті. Математика пәнінің мұғалімі А.Тулкибаева "Оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер" тақырыбында коучинг сабақ өтті. Сабақтар жоспар бойынша өз уақытында аяқталлы. Сабақтар өз деңгейінде өтілді және оқушылар белсенді қатысты. Сабақты қорытындылау кезінде семинарға қатысқан мұғалімдер және білім бөлімінің әдіскерлері өтілген сабақтардың өте жоғары деңгейде өтілгенін атап өтті. Семинар сабақтарын өткен мұғалімдерді аудандық білім бөлімінің Алғыс хатына ұсынды және барлығы бірдей қолдады





