Іс-шаралар » Страница 23 » "Ж.Сауырбаева атындағы №16 жалпы орта мектебі" КММ
Түркістан облысының білім басқармасының
Жетісай ауданының білім бөлімінің
"Ж.Сауырбаева атындағы №16 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(725-34) 55-2-71
Есепші бөлімі:
+7(725-34) 55-2-73
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Қызықты химиялық тәжірибелер”
18
қазан
2023
“Қызықты химиялық тәжірибелер”
ҚББП АПТАЛЫҒЫ Химия пәнінен қосымша білім беру педагогы: Н.Әзімханның ұйымдастыруымен үйірмеге қатысатын оқушыларға “қызықты химиялық тәжірибелер” жасап көрсетілді. Мақсаты: химия пәнін өмірмен байланыстыра отырып, маңызына ғылыми тұрғыдан түсінік беріп, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру. Қызықты тәжірибелерді көрген оқушыда қызығушылықтан әр түрлі сұрақтар туады. Одан әрі сол сұрақтың жауабын табуға ынталанады. Сондай-ақ үй жағдайында жасап көруге болатын қызықты тәжірибелер көрсетілді.
Оқушылары арасында шахматтан турнир өтіп жатыр.
18
қазан
2023
Оқушылары арасында шахматтан турнир өтіп жатыр.
ҚББП АПТАЛЫҒЫ Мектебіміздің қосымша білім беру педагогтары: Шекербек А, Әзімхан Н, Сати Б. ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында шахматтан турнир өтіп жатыр. Турнирдің мақсаты – мектеп жасындағы балалар арасында салауатты өмір салтын және шахмат спорт түрін насихаттау, жас дарындарға қолдау көрсету, зияткерлік спорт түрлеріне деген қызығушылықты арттыру. Ойын қорытындысында жеңімпаздар түрлі дәрежелі дипломдармен марапатталып, жалпы қатысушыларға сертификаттар  табысталады.
Құрметті оқырман қауым сіздерді кітап оқуға шақырамыз!
16
қазан
2023
Құрметті оқырман қауым сіздерді кітап оқуға шақырамыз!
Рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы – кітапхана. Кітап мекені, кітаппен сырласатын қасиетті де, кастерлі орын... Жуырда  “Ж.Сауырбаева атындағы N16 ЖББ мектебі” КММ-нің кітапханасында кітап  қоры молайғанынан хабардар  етеміз. Құрметті оқырман қауым сіздерді кітап оқуға шақырамыз!  Мектеп кітапханашысы: Алтынбекова Ұлбосын.
“Алтын сақа” математикалық олимпиадасы болып өтті. 3,4 сынып арасында.
13
қазан
2023
“Алтын сақа” математикалық олимпиадасы болып өтті. 3,4 сынып арасында.
06.10.2023ж. “Ж.Сауырбаева атындағы N16 ЖББМ” бастауыш сынып оқушыларының арасында мектепішілік  “Алтын сақа” математикалық олимпиадасы болып өтті.  3 “А”сынып оқушысы Анарбек Нұртас сынып жетекшісі  Кантаева Роза апай, 4 “Б” сынып оқушысы Сүндет Айару сынып жетекшісі  Абдикадирова Рабиға апайларымыздың оқушылары мектепішілік кезеңнен  ауданға өтті. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз.  
Жас мамандар апталығы.
12
қазан
2023
Жас мамандар апталығы.
ЖАС МАМАНДАР АПТАЛЫҒЫ Жас мамандар апталығының екінші күні үзілісте оқушылар арасында көркем еңбек пәні мұғалімі Келесхан Арайлымның ұйымдастыруымен апликация технологиясын қолдана отырып сайыс болып өтті. Оқушылар әр түрлі жапырақтарды қолданып, ағаш бейнесін өз идеяларымен түрліше әсемдеп, безендіріп, жапсыру арқылы көрсете білді. Сайыстың мақсаты- оқушы қызығушылығын арттыру, шығармашылығын дамыту, жылдам және ұқыптылыққа үйрету, табиғатты аялау.
Жас мамандар апталығы.
11
қазан
2023
Жас мамандар апталығы.
Жас мамандар апталығы.          Арыстандай айбатты         Жолбарыстай қайратты,          Қырандай күшті қайратты          Мен жастарға сенемін! – деген өлең жолдарын ұлы ақын М. Жұмабаев үлкен сенімділікпен жырлағанына бүгінгі куәгері болдық. 09. 10. 2023 күні таңғы сағат 07. 30-да «Ж. Сауырбаева атындағы №16 жалпы білім беретін мектеп» алдында бізді әуелете ән салған жастар қарсы алды. Күмбірлеген домбыра мен даңғырлаған барабан, сыңғырлаған сылдырмақ пен тебірене созылған – бәрі бірігіп жас
«Мамандық таңдау - басты міндет»
11
қазан
2023
«Мамандық таңдау - басты міндет»
РЕНИНГ САБАҚ Тренинг-сабақтың тақырыбы: «Мамандық таңдау - басты міндет» Тренинг-сабақтың мақсаты: Оқушы жеке тұлғасының бәсекелестік қабілетін, өзінің қалауына сай белгілі бір еңбек әрекетіне дайындық білімділігін қалыптастыру. Оқушының түрлі еңбек жағдайына араласуға деген тәрбиелік ұмтылысын қалыптастыру. Оқушылардың шығармашылық, сауаттылық белсенділігін дамыту. Оқушыларға алдағы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт-бағдар беру. Әр мамандықтың қызығы мен қиындығы
Ұлттық киімді, құндылықты қалыптастыру.
11
қазан
2023
Ұлттық киімді, құндылықты қалыптастыру.
«Ж.Сауырбаева атындағы №16 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де  Оқушы бойында ұлтжандылық пен ізгілікті, ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мақсатында ұстаздарымыз бен білім алушыларымыз қазақи ұлттық киімдерімен келді.
Ұстаз – ұлағатты есім.
05
қазан
2023
Ұстаз – ұлағатты есім.
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы. Шәкірттеріңіздің құрметі мен
"Компьютер конфигурациясы"
04
қазан
2023
"Компьютер конфигурациясы"
Информатика апталық жоспарына сай 04.10.2023 күні 9 "А" сыныбымен "Компьютер конфигурациясы" тақырыбында мектебіміздің тәжірибелі мұғалімі Муталханова Гаухар апайымыз ашық сабақ өткізді.  Сабақ мақсаты: компьютерді қолдану мақсатына байланысты конфигурациясын таңдау.  Сабақты өзгеше тиімді әдіс-тәсілдермен цифрлық технологияларды қолдана отырып өткізді. Атап айтсақ: "Quiz bowling", "Socrative", "Padlet" "Ұшаққа билет" Лаберинт, "Bilim class" әдістерін тиімді қолдану арқылы оқушылардың сабаққа