«Салауатты өмір салтымен шұғылдану – баршаға ортақ»
Дене шынықтыру пәні онкүндігі аясында мектебімізде «Салауатты өмір салтымен шұғылдану – баршаға ортақ» тақырыбында 9–11 сынып оқушылары мен мектеп мұғалімдері арасында волейболдан жарыс өткізілді. Аталған жарыстың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру және ұстаздар мен оқушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту. Жарыс жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар белсенділік пен ұйымшылдық танытты.