Жетістіктер » Страница 5 » "Ж.Сауырбаева атындағы №16 жалпы орта мектебі" КММ
Түркістан облысының білім басқармасының
Жетісай ауданының білім бөлімінің
"Ж.Сауырбаева атындағы №16 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(725-34) 55-2-71
Есепші бөлімі:
+7(725-34) 55-2-73
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Жалын” дебат клубы
14
сәуір
2021
“Жалын” дебат клубы
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында көшбасшылық қасиеттерді дамыту мақсатында өткізілген аудандық “Ұшқыр ой алаңы” дебаттық турнирінің іріктеу кезеңінен жартылай финалдық ойынға өткен мектебіміздің “Жалын” дебат клубы мараппатталды. Жетекшісі Барат Үсен ағай.
Олимпиада
12
сәуір
2021
Олимпиада
Мектебіміздің оқушылары республикалық пән олимпиадасының аудандық кезеңінен жүлделі орындармен мараппатталды! Білім сайысынан өзгелерден үздік шыққан жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Елбасы медалі
16
наурыз
2021
Елбасы медалі
«ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздегі жастарды қолдау мақсатында «El Úmiti» бастамасы қолға алынған болатын. Бүгін міне «Ел Үміті» бастамасы аясында іске асатын Елбасы медалі ауқымды жобасына мектебіміздің 11 сынып оқушысы Құралбай Сымбат Сұңғатқызы қатысып жеңімпаз атанды.      Аудан басшысы жеңімпаз оқушыларға және осындай дарынды балаларды тәрбиелеуге елеулі үлес қосқан ұстаздарға ізгі тілегін айтып, алғыс білдірді. Жиын соңында аудан басшысы жүлделі орын иеленген
БЕСТЕРЕК жобасы
07
қаңтар
2021
БЕСТЕРЕК жобасы
БЕСТЕРЕК жобасы аясында "Аутодеструктивті мінез-құлықты алдын-алу бойынша" атқарылған жұмыстарының кәсіби біліктілігі мен іскерлік қабілетін ұштастыра отырып, оқушылардың психологиялық ахуалын жақсартуға жыл бойында ерекше үздік атқарылған жұмыстарын ескере отырып Облыс тарапынан ұсынылған мадақтама Т.Мырзалиев мырзаның қабылдауында "Ж.Сауырбаева атындағы  N16 жалпы орта мектебінің" педагог-психологы Туреханова Ақнұрға марапатталып ұсынылды.
Облыстық авторлық бағдарлама жүлдегері!
26
қазан
2020
Облыстық авторлық бағдарлама жүлдегері!
Түркістан облысының адами әлуетті дамыту басқармасының "Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау" орталығының ұйымдастыруымен өткізілген "Үздік авторлық бағдарлама" байқауының жеңімпазы мектебіміздің информатика пәні мұғалімі Муталханова Гаухар апайымыз ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.
Аудандық  "Үздік авторлық бағдарлама"
28
қыркүйек
2020
Аудандық "Үздік авторлық бағдарлама"
"Үздік авторлық бағдарлама" республикалық конкурсының аудандық кезеңінің жеңімпазы информатика пәні мұғалімі Муталханова Гаухар апай І дәрежелі Дипломмен марапатталып облыстық кезеңге жолдама алды.                 
"Салауатты өмір салтын насихаттау"
27
қаңтар
2020
"Салауатты өмір салтын насихаттау"
Жетісай ауданы мектеп мұғалімдері арасында "Салауатты өмір салтын насихаттау" мақсатында мектебімізде спорттық волейбол жарысы болып өтті. Жалпы ойынға 8 команда қатысты. Бірінші орын Б.Момышұлы командасы, екінші орын М.Маметова командасы, үшінші орын А.Байтұрсынов және Ж.Сауырбаева N16 мектептеріне бұйырды. I, II, III орын иеленген жеңімпаздарға Жетісай ауданы ББ және аудандық кәсіподақ комитеті атынан арнайы дәрежелі дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 
Аудандық информатика пән олимпиадасының жүлдегерлері!
02
ақпан
2019
Аудандық информатика пән олимпиадасының жүлдегерлері!
Мектебіміздің оқушылары аудандық информатика пәнінің олимпиадасынан жүлделі орындарға ие болды. 9 А сынып оқушысы Оңғаров Бернесбек және 10А сынып оқушысы Бөрібек Даметкен ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.  
Назад 1 2 3 4 5 Вперед