Ардақты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! » "Ж.Сауырбаева атындағы №16 жалпы орта мектебі" КММ
Түркістан облысының білім басқармасының
Жетісай ауданының білім бөлімінің
"Ж.Сауырбаева атындағы №16 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(725-34) 55-2-71
Есепші бөлімі:
+7(725-34) 55-2-73
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ардақты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
08
наурыз
2022

Ардақты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ардақты аналар, аяулы арулар!
Сіздерді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! 
Сіздер көктемнің бейнесі мен гүлдер сияқты біздің өмірімізді күн сайын сұлулыққа толтырып, айналаңыздағы барлық адамға жылулық пен қамқорлық сыйлайсыздар.
Сырт көзге нәзік көрінгендеріңізбен, сіздердің бойларыңызда кез келген қиындық пен сынақты жеңе алатын күш бар. Жылдан жылға жаңа белестерді бағындырып, алға ұмтыласыздар.
Нәзік, батыл, ақылды, аяулы әйелдердің есімдері ел тарихының беттеріне жазылған. 
Бүгінде елімізде мақтанышпен айта алатын, ардақты аруларымыз жетерлік. Сіздер отбасының ұйытқысы, аяулы жар, ана мен қыз ғана емес, сонымен бірге өз саласының кәсіби маманы, дәрігер, мұғалім, инженер, ғалым ретінде елімізді дамытуға үлес қосып жатырсыздар. Сіздердің мүмкіндіктеріңіз бен күш-жігерлеріңізде шек жоқ.
Ардақты аналар, аяулы арулар!
Сіздерге зор денсаулық, бақыт, ашық аспан және амандық тілеймін!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
ҚР Білім және ғылым министрі
 Асхат Аймағамбетов.

Похожие публикации:

20 наурыз 2022 "Әз-Наурыз-2022"
06 желтоқсан 2021 Ашық сабақ
16 наурыз 2021 Елбасы медалі
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив