17
наурыз
2023
«Батаменен ел көгерер» атты батаны жатқа оқу байқауы өтті.
Қазақ халқының ежелден келе жатқан рухани қазынасының бірі – бата сөздер. «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер», «Көп тілеуі – көл» деп ұққан қазақ халқы келер ұрпаққа бата беріп, ақ тілек, адал ниет білдіруді дәстүр тұтқан.
Осы мақсатта мектебімізде оқушылар арасында «Батаменен ел көгерер» атты батаны жатқа оқу байқауы өтті. Бұл байқауға бастауыш сыныптар арасынан оқушылар қатысты.
