‘ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ’ интеллектуалды сайысы болып өтті. » "Ж.Сауырбаева атындағы №16 жалпы орта мектебі" КММ
Түркістан облысының білім басқармасының
Жетісай ауданының білім бөлімінің
"Ж.Сауырбаева атындағы №16 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(725-34) 55-2-71
Есепші бөлімі:
+7(725-34) 55-2-73
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ‘ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ’ интеллектуалды сайысы болып өтті.
15
мамыр
2023

‘ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ’ интеллектуалды сайысы болып өтті.

Үздік оқушылар арасында “ХХІ ғасыр көшбасшысы” интеллектуалды сайысы болып өтті.
Мектебімізде жаратылыстану пәндері бойынша ‘ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ’ интеллектуалды сайысы болып өтті.
Білімділер бәйгесіне мектебіміздің 8-9 сыныптар арасында үздік деген 10 оқушы іріктеліп алынды. Сайыс мақсаты: Оқушылардың білімін саралау, жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттыра отырып, сөйлеу, ойлау қабілеттерін одан әрі дамыту, “жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” озып шығып, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атағын алатын оқушыны анықтау. 
Сайыс V кезең бойынша ұйымдастырылды:
1. ДОДА
2. Бәйге
3. Ізден, ойлан, тап!
4. Кім жылдам?
5. Көшбасшылар сайысы.
Бірінші кезең бойынша ойыншылар zipgrade платформасының жауап парағын пайдаланып, тест жұмысын орындады. Сосын екінші кезеңде Wordwall бағдарламасында жасырын 20 ұяшықтың сұрақтарына жауап берді. Кезең бойынша төмен ұпай жинаған екі қатысушы ойыннан шығып отырды. Үшінші кезеңде экранда 5 тақырып бойынша, 10, 20, 30 балды сұрақтар берілді. Төртінші кезеңде Кахут бағдарламасы арқылы сұрақтарға жауап берді.
Ең соңғы кезеңде финалға жолдама алған үш қатысушыға математика, химия, физика пәндері бойынша бірдей есеп берілді. Сайыс өте тартысты өтті. Әр қатысушы өздерінің білімдарлығын көрсете білді. 
5 сайыс қорытындысы бойынша 1 орын, ХХІ ғасыр көшбасшысы номинациясымен 
9 “Ә” сынып оқушысы- Құралбай Шұғылаға бұйырды.
2-орын, Үздік оқушы номинациясымен 8 “А” сынып оқушысы-Алқабай Гүлжан иеленді.
3-орын, Ізденімпаз оқушы номинациясымен 
8 “Б” сынып оқушысы-Абил Нұрайға бұйырды.
Барлық қатысушыларға диплом, алғыс хат беріліп, сый-сияпат жасалып, құрмет көрсетілді. 
ХХІ ғасыр көшбасшысы интеллектуалды сайысын ұйымдастырушы Әзімхан Нұрдәулет, Шекербек Абылай, Абытхан Қыдырбай ағайларға мектебіміздің директоры Болатова Гулбахар апай, сайыстың жоғары деңгейде өткендігін айтып, өз ризашылығын білдірді.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив