07
ақпан
2020
'Әке көрген-оқ жонар'
Сынып жетекшілер апталығына орай Фазилов Досан ағай 9,10 сыныптың ұл балдарымен 'Әке көрген-оқ жонар' тақырыбында еркін дөңгелек үстелін ұйымдастырды. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты балаларды болашақ отбасылық өмірге дайындау, әкенің отбасындағы рөлі, бір әкенің тәрбиесін жүз мектепте бере алмайтындығын жайлы болды. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, әкенің қандай жақсы қасиеттері болуы керектігін айтып ойларын ашық жеткізе білді. Әкелеріне арнап өлең шумақтарын жеткізді. 
