Іс-шаралар » Страница 39 » "Ж.Сауырбаева атындағы №16 жалпы орта мектебі" КММ
Түркістан облысының білім басқармасының
Жетісай ауданының білім бөлімінің
"Ж.Сауырбаева атындағы №16 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(725-34) 55-2-71
Есепші бөлімі:
+7(725-34) 55-2-73
Нашар көрушілер
нұсқасы
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ҰЙЫМЫ ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ
21
қазан
2021
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ҰЙЫМЫ ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ
Мектебімізде өзін-өзі басқарудың кезекті отырысы болып өтті.
Әлеуметтік педагог
26
желтоқсан
2020
Әлеуметтік педагог
Оқушыларды облыстық, аудандық жаңа жылдық әкім шыршасына қатыстыру мақсатында аз қамтылған, жартылай жетім 20-оқушының құжаттары тіркеліп тізімі ауыл әкімшілігіне ұсынылды.  Карантиндік режимге байланысты іс-шаралар онлайн болуына байланысты  аталған оқушыларға жаңа-жылдық сыйлықтар өз-үйлеріне жеткізілді. 17-оқушыға ауыл әкімшілігі тарапынан, 3-оқушыға ауданнан сыйлықтар тарту етілді. 
Қамқоршылық акциясы
08
сәуір
2020
Қамқоршылық акциясы
Әлемдік эпидемологиялық жағдайға байланысты мектебімізде ұйымдастырылған қамқоршылық акциясынан түскен қаражат есебінен 360 дана бетперде мектеп ұжымымен бірлесе тігіліп ұйымдастырылды. Осы бетпердені Қазыбек би ауылының тұрғындары, оның ішінде аз қамтылған отбасыларға үлестірілді.
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні бойынша апталық
13
ақпан
2020
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні бойынша апталық
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні бойынша апталық жоспарына сәйкес 11- ақпан күні Н.Тойшыбековтың "Мен қазақ елінің патриотымын" атты пікірталас ашық сабағы болып өтті. Ашық сабақта оқушылар өзінің Қазақ елінің патриоты екендерін дәлелдеп, отанына деген сүйіспеншіліктерін паш етті. Жалпы мектепте патриоттық тәрбиені дәріптеу және отансүйгіштікке, ерлікке, елжандыққа, батырлыққа тәрбиелеу сынды бірнеше процесстер айтылып қамтылды. 
Өзін-өзі тану апталығы
10
ақпан
2020
Өзін-өзі тану апталығы
"Ж.Сауырбаева атындағы N16 жалпы орта мектебі" Өзін-өзі тану: 'Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы' атты онкүндігінен көріністер. 
'Әке көрген-оқ жонар'
07
ақпан
2020
'Әке көрген-оқ жонар'
Сынып жетекшілер апталығына орай Фазилов Досан ағай 9,10 сыныптың ұл балдарымен 'Әке көрген-оқ жонар' тақырыбында еркін дөңгелек үстелін ұйымдастырды. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты балаларды болашақ отбасылық өмірге дайындау, әкенің отбасындағы рөлі, бір әкенің тәрбиесін жүз мектепте бере алмайтындығын жайлы болды. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, әкенің қандай жақсы қасиеттері болуы керектігін айтып ойларын ашық жеткізе білді. Әкелеріне арнап өлең шумақтарын жеткізді. 
Сынып жетекшілер апталығы
04
ақпан
2020
Сынып жетекшілер апталығы
Сынып жетекшілер апталығына орай 8"А" сынып жетекшісі А.Шекербек "Жасөспірім және заң" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Сабақ мақсаты оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру. 
Келіндер сайысы
04
ақпан
2020
Келіндер сайысы
Жанұядағы ата-ене, келін, қайын сіңлі, қайын арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты келіннің орнының ерекше екендігін, отбасының ұйытқысы екендігін, келінге немесе болашақ анаға деген сыйластықты ояту мақсатында мектебімізде келіндер сайысы болып өтті. Сайыс 6-кезеңнен тұрды. Сайысқа қатысушылар: Бұхарбай Кенжеқыз, Тасбалтаева Айнур, Тұрап Ұлмекен, Қыстаубай Рыскүл, Ұзақбай Сымбат. Бас жүлде Ұзақбай Сымбатқа бұйырып, аудандық келіндер сайысына жолдама алды. 
"Абай-дана, Абай-дара"
31
қаңтар
2020
"Абай-дана, Абай-дара"
Абай шығармалары арқылы жастарды отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу, қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген ықыласын арттыру мақсатында қазақ халқының ұлы ақыны, жазушысы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай 8-11 сынып оқушылары арасында "Абай-дана, Абай-дара" тақырыбында мектебімізде байқау болып өтті. 
"Салауатты өмір салтын насихаттау"
27
қаңтар
2020
"Салауатты өмір салтын насихаттау"
Жетісай ауданы мектеп мұғалімдері арасында "Салауатты өмір салтын насихаттау" мақсатында мектебімізде спорттық волейбол жарысы болып өтті. Жалпы ойынға 8 команда қатысты. Бірінші орын Б.Момышұлы командасы, екінші орын М.Маметова командасы, үшінші орын А.Байтұрсынов және Ж.Сауырбаева N16 мектептеріне бұйырды. I, II, III орын иеленген жеңімпаздарға Жетісай ауданы ББ және аудандық кәсіподақ комитеті атынан арнайы дәрежелі дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.