09
желтоқсан
2022
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін іске асыру;
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін іске асыру;мектепке дейінгі білім беру деңгейіндегі сапалы трансформация»
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің жоспарына сәйкес Ж.Сауырбаева атындағы №16 жалпы орта мектебінде балалардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, адамгершілікке, болашақта ұлттық сана-сезімі жоғары, өз елінің салт-дәстүрін, тарихын, мәдениетін жақсы білетін, сүйетін, ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды ұштастыра білетін ұлтжанды тұлға тәрбиелеу мақсатында «Мектепалды сыныпта балаларды ұлттық, отбасылық құндылықтарды, отансүйгіштікке, еңбекке тәрбиелеудің тәсілдері мен әдістері» тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар өтті.
Аталған іс-шараға мектепалды сынып тәрбиешілері қатысып өзара тәжірибе алмасты.
