*АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!* » "Ж.Сауырбаева атындағы №16 жалпы орта мектебі" КММ
Түркістан облысының білім басқармасының
Жетісай ауданының білім бөлімінің
"Ж.Сауырбаева атындағы №16 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(725-34) 55-2-71
Есепші бөлімі:
+7(725-34) 55-2-73
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
сәуір
2023

*АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!*

*АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!*
Құрметті ата-аналар, Мен Болотова Гулбахар Кабланбековна, Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің Ж.Сауырбаева атындағы №16 жалпы орта мектебі директоры 2022-2023 оқу жылындағы соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау, Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруда және 2023 жылғы жаз айларындағы шомылу маусымында мына жағдайларды ескертемін:
1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында қатаң тыйым салынады: түрлі себептермен мектеп қажеттіліктеріне, мерекелік іс-шараларға, мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге сыйлық алуға, мектептің жөндеу жұмыстарына, шаруашылық заттарын сатып алу және тағы басқа мақсатта ата-аналардан және ата-аналар комитеті атынан ақша жинауға және бітіруші 4, 9, 11 сыныптардан  ақша жинауға қатаң түрде тыйым салынатынын
2. Барлық қатысушыларға «Соңғы қоңырау» іс-шарасын өткізу тәртібі және қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы нұсқаулық беру, ата-анасының немесе заңды өкілінің тек біреуінің қатысуы, кешенді қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілетінін;
3. 2023 жылдың жаз мезгіліндегі шомылу маусымында ұл-қыздарымыздың қауіпсіздік мәселелерін сақтау тікелей ата-аналардың құзыретінде екенін;
4. Қорытынды аттестаттау кезінде түрлі мақсатта ата-аналардан қаражат жинауға, мерекелік дастархан ұйымдастыруға, гүл сыйлауға, қатаң түрде тыйым салынатынын ескертемін.
Құрметті Ата-аналар! Жоғарыда айтылған талаптардың орындалуын қадағалауды ескертемін.
Мұғалімдеріміздің, мектебіміздің абыройын биік ұстау - мектеп ережесін орындаумен тікелей байланысты!
Мектебіміздің мерейі үстем болсын! 
Сіздің ұл-қыздарыңыздың оқу-тәрбие процесіндегі жетістіктері – біз үшін үлкен СЫЙЛЫҚ!
Сіздің кез-келген сұрағыңыз үшін менің телефоным үнемі қосулы және Сізді тыңдауға, жауап беруге барлық уақытта дайынмын. 
Құрметпен, Ж.Сауырбаева атындағы №16 жалпы орта мектебі директоры Г.К.Болотова
Байланыс телефоным: +7701 2073339
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив